26.02.21

«Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығынан өтінімдер қабылдау басталды

Ел астанасында «Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығының өкілдерінен өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

astana.gov.kz

Ел астанасында «Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығының өкілдерінен өтінімдер қабылдау басталды.

Astana Innovations](http://)аудан әкімдіктерімен бірлесіп «Ақылды аудан» ауқымды жобасын іске асырып жатыр.

«Ақылды аудан» жобасы аясында мына бағыттар жүзеге асырылады:

1) «Ақылды басқару» (Smart Governance); 2) «Ақылды экономика» (Smart Economy); 3) «Ақылды көлік» (Smart Transport); 4) «Ақылды қоршаған орта» (Smart Environment); 5) «Ақылды қоғам» (Smart People); 6) «Ақылды өмір салты» (Smart Living).

Ақылды аудан – қазіргі уақытта белгілі ақылды технологиялар мен шешімдерді шоғырландыратын «жанды зертхана».

Бұл жобаға кез келген адам қатыса алады. Ал қатысушының креативті технологиялық ұсынысы болуы қажет. Яғни қоршаған ортаға, астана тұрғындары мен қонақтарына пайдасы бар қалалық ортада қолдануға болатын өнім немесе қызмет болуы керек.

Іріктеуден өткен қатысушылар жобасын «Ақылды аудандардың» бірінде жүзеге асыруға, «Astana Innovations» компаниясының менторлық қолдауы мен трекерлігін алуға, қала басшылығына ұсынуға және IT кеңесінде өз ойын білдіруге мүмкіндік алады.

Толық ақпаратты алу және тіркелу «Ақылды аудан» жобасының сайтында қолжетімді.

Барлық сұрақтар бойынша мына нөмірге хабарласуға болады: +7 775 471 1117.

  • Поделиться:

Басқа жаңалықтар

Birge платформасында дауыс беру нәтижесі: Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының қандай идеялары жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтанда Birge платформасында идеялар модерациясының екінші кезеңі аяқталды. Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын төрт идея анықталды. Жақын арада онлайн-дауыс беру үшін елордалықтардың тағы 30-ға жуық идеясы ұсынылатын болады. Іріктелген идеялар алдағы IT-кеңесте қаралады.

Елорда тұрғындарының үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр. Елордада Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Birge алаңы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарымен бірлесіп елорданы дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда елордалықтар қызығушылық тудыратын тақырыпта өз идеяларын ұсына алады. Ұсыныстар жиналғаннан кейін онлайн-дауыс беру ашылады.

Нұр-Сұлтанда ақылды қаланы даму саласындағы инновациялық ынтымақтастық талқыланды

Елордада «2021 жылға арналған Ақылды және тұрақты қаланы дамыту саласындағы ынтымақтастықты инновациялық қаржыландыру және жоспарлау»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елорданың IT-кеңесі қаланың негізгі міндеттерін шешу бойынша 11 жобаны қарады

Елордада цифрлық шешімдер арқылы қала тұрғындарының өмірін жақсарту және қолайлы жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың қыркүйегінде IT-кеңес құрылды. «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында кеңесте қандай жобалар қаралғаны туралы түсіндіріп берді.

Барлық жаңалықтар