24.02.21

Елорданы цифрландыру: 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды

Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.

astana.gov.kz

Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.

Жобаны іске асырудың алғашқы қадамдары «Қауіпсіз аула» пилоттық жобасы болып саналады. Жоба аясында тәртіпті бақылау үшін көппәтерлі аулаларда бейнебақылау камераларын орнату ісіне басымдық беріледі. Бейнекамералар заңсыз әрекеттерді анықтап, алдын алу үшін үздіксіз мониторинг жүргізеді. Бейнебақылау камераларының негізгі функционалдық мүмкіндіктері – бейнетіркеу, деректерді өңдеудің интеграцияланған жүйесі, сенімді бағдарламалық қамтамасыз ету. Олардың бәрі түрлі жағдайларда жүйенің тиімді жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жолдардағы қауіпсіздік бойынша зияткерлік көлік жүйесі толығымен енгізілді. Соның арқасында елорда жолдары еліміздегі ең қауіпсіз жолдардың біріне айналып отыр.

Үздіксіз мониторинг жүргізу үшін арнайы жүйелерді пайдалану – ішкі өзара іс-қимылды жақсартуға мүмкіндік берді. Қазірдің өзінде жобанының оң әсері байқалады. Статистика бойынша 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды.

  • Поделиться:

Басқа жаңалықтар

Birge платформасында дауыс беру нәтижесі: Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының қандай идеялары жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтанда Birge платформасында идеялар модерациясының екінші кезеңі аяқталды. Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын төрт идея анықталды. Жақын арада онлайн-дауыс беру үшін елордалықтардың тағы 30-ға жуық идеясы ұсынылатын болады. Іріктелген идеялар алдағы IT-кеңесте қаралады.

Елорда тұрғындарының үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр. Елордада Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Birge алаңы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарымен бірлесіп елорданы дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда елордалықтар қызығушылық тудыратын тақырыпта өз идеяларын ұсына алады. Ұсыныстар жиналғаннан кейін онлайн-дауыс беру ашылады.

Нұр-Сұлтанда ақылды қаланы даму саласындағы инновациялық ынтымақтастық талқыланды

Елордада «2021 жылға арналған Ақылды және тұрақты қаланы дамыту саласындағы ынтымақтастықты инновациялық қаржыландыру және жоспарлау»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елорданың IT-кеңесі қаланың негізгі міндеттерін шешу бойынша 11 жобаны қарады

Елордада цифрлық шешімдер арқылы қала тұрғындарының өмірін жақсарту және қолайлы жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың қыркүйегінде IT-кеңес құрылды. «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында кеңесте қандай жобалар қаралғаны туралы түсіндіріп берді.

Барлық жаңалықтар