19.03.21

Елордада қала тұрғындарының іске асырылатын идеялары үшін онлайн дауыс беру басталды

Birge платформасы іске қосылғаннан бері қала тұрғындары 190-нан астам идея ұсынды. Олардың ішінде әр түрлі ұсыныстар бар, яғни бірыңғай студенттік карта жасаудан бастап жаңа қоғамдық кеңістіктер ашуға дейін қамтылған. Оның әрбір бағытында ары қарай жаңғырту үшін қызықты және жаңа идеялар айрықша атап өтілді.

astana.gov.kz

Birge платформасы іске қосылғаннан бері қала тұрғындары 190-нан астам идея ұсынды. Олардың ішінде әр түрлі ұсыныстар бар, яғни бірыңғай студенттік карта жасаудан бастап жаңа қоғамдық кеңістіктер ашуға дейін қамтылған. Оның әрбір бағытында ары қарай жаңғырту үшін қызықты және жаңа идеялар айрықша атап өтілді.

Бүгінгі таңда ашық онлайн дауыс беруге 13 бағыт бойынша 30 идея ұсынылды. Елорда тұрғындары мен қонақтары әр санат бойынша ұнаған идеяны таңдай алады. Онлайн дауыс беру 19.03-19.04.2021 аралығында өтеді.

Онлайн дауыс беруге мына санаттар ұсынылды: қоғамдық кеңістік, ТКШ, білім беру, бизнес, экология, жануарларды қорғау, көшелерді жарықтандыру, көлік, санитарлық тазалау, урбанистика-қалалық орта, туризм, мәдениет, әлеуметтік сала.

Әр санатта өзіңіз қолдайтын идеяны таңдай аласыз. Қала тұрғындарының көпшілігі қолдаған идеялар елордада жүзеге асырылады.

Өзіңізге ұнайтын идеяға дауыс беру үшін мына нұсқаулықтарды орындау қажет:

  1. Сілтеме бойынша https://birge-elorda.kz/nur-sultan/ идеялар жинау платформасына өтіңіз;
  2. Бұл идеяға дауыс беру үшін «дауыс беру» түймесін басу керек;
  3. Әрі қарай ұсынылған идеялармен танысып, өзіңізге ұнайтынын таңдаңыз. Егер сіз Birge сайтында тіркелген болсаңыз, логин, пароліңізді теріп, жүйеге кіре аласыз. Ал егер жоқ болса тіркелуіңіз қажет.
  4. Алғыс білдіреміз, өңдеуден кейін дауысыңыз қабылданады.

Дауыс беруге қатысу үшін нақтылайтын сұрақтарды Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының a.muxulova@astana.kz электронды поштасына жібере аласыз. Ал байланыс телефоны: 55-73-61.

Естеріңізге сала кетейік, елорданың «Birge» алаңы қала тұрғындарына елорданың тыныс-тіршілігіндегі проблемаларын шешу бойынша идеялар ұсынуға және ұсыныстарға дауыс беруге мүмкіндік береді. Елорда тұрғындары қаланы дамытуға белсенді араласты, аудандардың бәрінен нақты ақпарат алынды. Халықтан жиналған пайдалы ақпарат қаладағы жағдайды және тұрғындардың қажеттілігін талдауға мүмкіндік береді.

  • Поделиться:

Басқа жаңалықтар

Birge платформасында дауыс беру нәтижесі: Нұр-Сұлтанда қала тұрғындарының қандай идеялары жүзеге асырылып жатыр

Нұр-Сұлтанда Birge платформасында идеялар модерациясының екінші кезеңі аяқталды. Онлайн-дауыс беру нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын төрт идея анықталды. Жақын арада онлайн-дауыс беру үшін елордалықтардың тағы 30-ға жуық идеясы ұсынылатын болады. Іріктелген идеялар алдағы IT-кеңесте қаралады.

Елорда тұрғындарының үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр. Елордада Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Birge алаңы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарымен бірлесіп елорданы дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда елордалықтар қызығушылық тудыратын тақырыпта өз идеяларын ұсына алады. Ұсыныстар жиналғаннан кейін онлайн-дауыс беру ашылады.

Нұр-Сұлтанда ақылды қаланы даму саласындағы инновациялық ынтымақтастық талқыланды

Елордада «2021 жылға арналған Ақылды және тұрақты қаланы дамыту саласындағы ынтымақтастықты инновациялық қаржыландыру және жоспарлау»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Елорданың IT-кеңесі қаланың негізгі міндеттерін шешу бойынша 11 жобаны қарады

Елордада цифрлық шешімдер арқылы қала тұрғындарының өмірін жақсарту және қолайлы жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың қыркүйегінде IT-кеңес құрылды. «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында кеңесте қандай жобалар қаралғаны туралы түсіндіріп берді.

Барлық жаңалықтар