Егер «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер
әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
1) Мемлекеттік органдар көрсететін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру арқылы көрсету процестерін жетілдіру және оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
2) Мемлекеттік және коммерциялық қызметтерді әзірлеу, пысықтау бойынша техникалық құжаттаманы келісу және бекіту, ақпараттық жүйелер жұмысының мониторингін жүзеге асыру.
3) Инновацияларды дамыту мен енгізуге ықпал ету, инновациялық бағыт бойынша іс-шараларды ұйымдастыру.
4) Өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
5) «Экономиканы цифрландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» бағытында енгізу бойынша қызметті үйлестіру, «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мониторингі.
6) Ақпараттандырудың жаңа моделін дамыту, нормативтік-техникалық құжаттаманы сараптау;
7) Нұр-Сұлтан қаласының аумағында цифрландыруды дамыту, сондай-ақ Смарт Ситидің үздік шешімдерін енгізуге қатысу.
1) өз құзыреті шеңберінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және келісуге, сондай-ақ әзірлеушісі «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесі болып табылатын немесе оның құзыретіне кіретін актілерге қатысты құқықтық мониторинг жүргізуге қатысады.
2) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің ақпараттық жүйелерін дамыту және оларды «электрондық үкімет» инфрақұрылымымен ықпалдастыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
3) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері көрсететін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру жөніндегі жоспарларды келісуге қатысады, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру бойынша консультациялық көмек көрсетеді;
4) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерімен және ведомстволық бағынысты ұйымдармен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ішінара немесе толық автоматтандыруды қамтамасыз етеді;
5) мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеуге қатысады, сондай-ақ оларға консультациялық көмек көрсету және олардың орындалуы бойынша бақылауды жүзеге асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
6) мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа көшіру және бақылау сұрақтары бойынша басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау бойынша жұмысты үйлестіреді;
7) Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы» ШБҚ МКК қызметін бақылау және мониторинг жүргізу;
8) ақпараттық жүйелердің жұмыс қабілеттілігін және олардың мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен өзара іс-қимылын дамыту және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты бақылайды;
9) мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру және оңтайландыру саласындағы тоқсан сайынғы және перспективалық (жылдық) жұмыс жоспарларын жасайды;
10) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы мәселелерге қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерін, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің шешімдері мен өкімдерін орындауын тексеруді жүзеге асырады;
11) мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру және оларды электрондық форматта ұсыну бойынша әлемдік тәжірибені зерделеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
12) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу конкурстарын өткізуді қамтамасыз етуге қатысады.
13) мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға қатысады;
14) экономика мен өмір саласының негізгі салаларына заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту және енгізу үшін жағдайларды қамтамасыз етеді;
15) қала әкімдігінің электрондық ақпараттық қорларын толықтыруды, шынайылығын және өзектілігін қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
16) өз құзыреті шегінде МЖӘ жергілікті жобасының тұжырымдамасын, конкурстық құжаттамасын және шарттарының жобаларын әзірлейді;
17) өз құзыреті шегінде жергілікті МЖӘ жобаларына қатысты конкурсты не тікелей келіссөздерді ұйымдастырушы болады;
18) өз құзыреті шегінде жергілікті МЖӘ жобалары бойынша шарттар жасасады;
19) өз құзыреті шегінде жергілікті МЖӘ жобаларын және шарттарды іске асыруға мониторинг жүргізеді;
20) ашық деректердің интернет-порталында ашық деректерді мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастыруды ұйымдастырады;
21) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурсты орналастыру, сондай-ақ олардың шынайылығы мен өзектілігін қамтамасыз етеді;
22) уәкілетті органмен келісім бойынша, қала әкімдігіне ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректердің тізбесін бекітуге енгізеді;
23) Нұр-Сұлтан қаласында инновацияның дамуына және қолайлы инновациялық экологиялық ортаның құрылуына ықпал етеді;
24) мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларына мемлекеттік әріптес ретінде қатысады;
25) Нұр-Сұлтан қаласының инновациялық қызметін дамытуды қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетеді;
26) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жол карталарымен қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қала әкімдігінің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарына көмек көрсетеді;
27) «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша кеңестер, дөңгелек үстелдер дайындауға қатысады;
28) жобалық кеңсенің жұмысын үйлестіреді, әкімдікті цифрландыру;
29) ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және дамыту бойынша жұмысқа қатысады;
30) инвестициялық ұсыныстарды қарайды;
31) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шегінде жобалар бойынша мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды өткізуді қамтамасыз етуге қатысады;
32) сервистік бағдарламалық өнімдерді жобалауға арналған тапсырмаларды қарайды және келіседі;
33) ақпараттандырудың жаңа моделін қалыптастыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейді;
34) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыреті шеңберінде ақпараттандыру саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, келісуді және бекітуді қамтамасыз етеді;
35) астананы цифрландыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
36) «ақылды қаланы» жүзеге асыру мәселелері бойынша жұмысты үйлестіреді;
37) іске асыру мониторингін, сондай-ақ әкімдік сәулетінің әзірленуін үйлестіруді жүзеге асырады;
38) жиналыстарға материалдар дайындауға қатысады, цифрландыру саласындағы бөлімнің тоқсан сайынғы және перспективалық (жылдық) жұмыс жоспарларын жасайды;
39) ақпараттық технологияларды қолдану бойынша жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау бойынша іс-шаралар өткізеді;
40) сандық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасайды;
41) қаланы цифрландыру бойынша жол картасын енгізу және дамыту бойынша жұмысты үйлестіреді;
42) шет мемлекеттердің оқыту семинарларына, конференцияларына қатысу арқылы цифрлық технологиялар саласындағы халықаралық тәжірибені зерделейді;
43) «бір терезе» қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету бойынша қала орталықтарының қызметін ұйымдастырады;
1) белгіленген тәртіппен орталық мемлекеттік органдардан және олардың аумақтық бөлімшелерінен, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінен және өзге де ұйымдардан осы Ережеде белгіленген функцияларды орындау үшін қажетті мәліметтер мен материалдарды сұратуға және алу;
2) орталық мемлекеттік органдардың және олардың аумақтық бөлімшелерінің, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және өзге де ұйымдардың басшылары мен мамандарын тарта отырып, «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер өткізу;
3) әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қарау үшін «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесі ғылыми-экономикалық кеңестер, комиссиялар және өзге де консультативтік органдар құра алады;
4) әкімдікке реттелетін қатынастар мәселелері, Нұр-Сұлтан қаласын
дамытудың мақсаттарын, басымдықтарын айқындау және әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру туралы ұсыныстар енгізу;
5) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген функцияларды орындау үшін кәсіпорындардан, ұйымдар мен мекемелерден қажетті мәліметтерді, анықтамаларды, құжаттарды сұрату және алу;
6) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты мәселелер бөлігінде орталық және жергілікті атқарушы орган әзірлейтін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын келісуді жүзеге асыру;
7) ақпараттық жүйелерді әзірлеуге, жаңғыртуға және пайдалануға, ақпараттық технологияларды әзірлеуге, енгізуге және пайдалануға, әкімдіктің құрылымдық бөлімшелерінің және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының ақпараттық жүйелерін құруға және пайдалануға байланысты мәселелер бойынша тауарларды сатып алуға және қызмет көрсетуге, оның ішінде ұсынымдар беруге конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігін келісуді жүзеге асыру;
8) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған тұлғаларға қатысты шаралар қабылдау үшін материалдарды уәкілетті мемлекеттік органдарға жіберу;
9) наразылық ұсыну, талап қою, соттарда талапкер және жауапкер ретінде әрекет ету;
10) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жедел басқарудағы мүлікті иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді жүзеге асыру;
12) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тарту;
13) жұмысқа мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, сондай-ақ отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандарды тарта отырып, «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша жұмыс топтарын және комиссияларды құру;
14) жергілікті атқарушы биліктің басқа мемлекеттік органдарымен өзара іс - қимылды жүзеге асыру;
15) ведомстволық бағыныстағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныстар енгізу;
16) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен кеңестер шақыру;
17) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
1) өз орынбасарларының және «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшыларының міндеттерін анықтайды және жауапкершілік дәрежесін белгілейді;
2) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және қызметтен босатады;
3) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
4) «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметшілеріне міндетті бұйрықтар шығарады;
5) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен ұйымдарда «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан өкілдік етеді;
«Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
«Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.