Жаңалықтар

Жаңалықтар 24.02.21

Тұрғындар Нұр-Сұлтан қаласын дамыту бойынша қандай ұсыныстар айтты

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Birge» сайтына 10 күн ішінде қандай ұсыныстар түскенін мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңалықтар 24.02.21

Елорданы цифрландыру: 2020 жылы тіркелген қылмыстар саны 30%-ға азайды

Ел астанасы жыл өткен сайын қарқынды түрде кеңейіп келеді. Мұнда қауіпсіздікті қамтамасыз ету басым міндет болып саналады. Ал цифрландыруда қауіпсіздік бағытына негізгі басымдық беріледі. Жолдардағы қауіпсіздіктен басқа «Қауіпсіз қала» жобасы іске асырылуда.

Жаңалықтар 18.02.21

Алик Шпекбаев елорданы цифрландыру жұмысын жоғары бағалады

Нұр-Сұлтан қаласын "Ақылды қала" тұжырымына сай цифрландыру және трансформациялау бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 6 негізгі бағыт бойынша басым жобалар іске асырылуда: білім беру, денсаулық сақтау, қауіпсіздік, ТКШ, көлік және мемлекеттік қызметтер салаларын цифрландыру. Бүгін елорда әкімі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевқа жұмыс барысын және оның қолданысын таныстырды. Іс-шараға бейнеконференция байланысы арқылы бірқатар министрліктер, облыстық әкімдіктер және т.б. қатысты.

Жаңалықтар 16.02.21

Алтай Көлгінов тұрғындарды елорданы бірлесіп дамытуға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында «Birge» сайты іске қосылғанын, енді осы арқылы елорда тұрғындарынан ұсыныстар қабылданатынын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңалықтар 16.02.21

«Бірге» платформасын іске қосу

«Нұр-Сұлтан-жайлы қала» мастер - жоспары аясында дамытудамыз, қаланы шынымен жайлы ете аламыз!

Жаңалықтар 10.02.21

Алтай Көлгінов елорданы цифрлау туралы айтты

Инженерлік желілер мен ғимараттарды цифрлау, «ақылды шлагбаумдарды» енгізу, көлік жүйесін электронды төлеммен 100% қамту, «Қауіпсіз аула» жобасы және басқа да жобалар. Осындай цифрлық технологияларды енгізу қала тұрғындарының өмірін жеңілдетіп, қаланы өмір сүруге барынша жайлы қыла түседі. Цифрлау жұмыстары жөнінде елорда әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындарымен есептік кездесуінде айтты.