Жаңалықтар

Жаңалықтар 19.04.21

Елорда тұрғындарының үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр

Нұр-Сұлтанда тұрғындардың үздік идеялары үшін дауыс беретін соңғы күн өтіп жатыр. Елордада Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша Birge алаңы іске қосылды. Бұл қала тұрғындарымен бірлесіп елорданы дамытуға мүмкіндік береді. Мұнда елордалықтар қызығушылық тудыратын тақырыпта өз идеяларын ұсына алады. Ұсыныстар жиналғаннан кейін онлайн-дауыс беру ашылады.

Жаңалықтар 17.04.21

Нұр-Сұлтанда ақылды қаланы даму саласындағы инновациялық ынтымақтастық талқыланды

Елордада «2021 жылға арналған Ақылды және тұрақты қаланы дамыту саласындағы ынтымақтастықты инновациялық қаржыландыру және жоспарлау»тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Жаңалықтар 19.03.21

Елорданың IT-кеңесі қаланың негізгі міндеттерін шешу бойынша 11 жобаны қарады

Елордада цифрлық шешімдер арқылы қала тұрғындарының өмірін жақсарту және қолайлы жағдай жасау мақсатында 2020 жылдың қыркүйегінде IT-кеңес құрылды. «Нұр-Сұлтан қаласының Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы» ММ цифрландыру бөлімінің басшысы Даниял Айткенов брифинг барысында кеңесте қандай жобалар қаралғаны туралы түсіндіріп берді.

Жаңалықтар 19.03.21

Елордада қала тұрғындарының іске асырылатын идеялары үшін онлайн дауыс беру басталды

Birge платформасы іске қосылғаннан бері қала тұрғындары 190-нан астам идея ұсынды. Олардың ішінде әр түрлі ұсыныстар бар, яғни бірыңғай студенттік карта жасаудан бастап жаңа қоғамдық кеңістіктер ашуға дейін қамтылған. Оның әрбір бағытында ары қарай жаңғырту үшін қызықты және жаңа идеялар айрықша атап өтілді.

Жаңалықтар 16.03.21

STEM олимпиадасының үздік жобалары Нұр-Сұлтанда пилоттық режимде іске асырылуы мүмкін

2021 жылы республикалық STEM олимпиадасын өткізу жоспарланып отыр. Онда ұсынылатын үздік жобалар елордада пилоттық режимде іске асыру мүмкіндігіне ие болады. Бұдан бөлек ең креативті шешімдер елорданың аудан әкімдіктерімен бірлескен «Ақылды аудан» жобасы шеңберінде пайдаланылатын болады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жаңалықтар 26.02.21

«Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығынан өтінімдер қабылдау басталды

Ел астанасында «Ақылды аудан» жобасын жүзеге асыру үшін инноватор қауымдастығының өкілдерінен өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.